Мазмұнға өту
Жаңалық · 30.05.2022

РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., «Сәкен Сейфуллин мұражайы», М. Әуезов көшесі, 20.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 4 маусымда қабылданған. Осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен бірегейлігін бейнелейтін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік әнұран.

Биыл Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл толады. Мұражайдың мәжіліс залында «Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі» фотокөрмесі ұйымдастырылады.

Фотокөрмеде мемлекеттік рәміздерді бейнелейтін фотосуреттерді көруге болады. Олар – мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін бүкіл әлемге паш ететін, ерекше құндылыққа ие, халқымыздың рухын, ұлттық салт-дәстүрін, ерлігі мен даналығын, болашаққа деген сенім мен арманын жеткізетін, ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тірек болатын мемлекеттік рәміздердің көрінісі.